Биыл әйгілі әнші, композитор әрі балуан Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 160 жыл. Ол- өмірімен де, өнерімен де артына өшпес із қалдырған дара талант. Иманжүсіп есімі бүгінде далалық азат болмыстың, еркіндік сүйгіш мінездің символына айналған.
Иманжүсіп Құтпанұлы 1863-жылы қазіргі Ақсу ауылдық аймағында дүниеге келген. Жас кезінен әнге, жырға құмар болып өсіп, кейін өзі де жанынан ән шығара бастайды. Бүгінде оның «Ерейментау», «Сарымойын» сияқты сияқты әндері көпшілікке кеңінен тараған.
Иманжүсіптің атасы да, әкесі де ұлт азаттығы жолында күрескен. КЕнесары сарбаздарының қатарында болған әкесі Құтпан көтеріліс жеңілген соң Ақсу болыстығына келіп тұрақтайды. Серілік болмысы, рухы әндері, әлсіздерге жанашыр мінезі оның есімін қазақ даласына қаңқты етті.
Иманжүсіп әндері батырлық мінезіне сай рухты, асқақ әндер. Затаевич оның бірнеше әндерін Қали Байжанов, Иса байзақовтардың орындауында отаға түсірген. Ал, «Сарымойын» әніні Брусиловски «Қыз жібек» операсында Бекежанның ариясы ретінде қолданған.
Иманжүсіпті қуғындау кеңес үкіметі орнаған соң күея түсті. Осылайша туып өскен Сарыарқадан қоныс аударады. 1931-жылы Мойынқұм көтерілісін ұйымдастырғаны үшін Тараз қаласы маңында атылған.
Жанасыл Серікбол