Павлодарда геология мұражайы ашылды. Қорында 500-ге жуық экспонаты бар мұражай қала тұрғындарын Ертіс өңірінің экологиялық мәдениетімен танысуға шақырады.
Бұл экспонаттарды жергілікті өлкетанушылар, географтар мен геологтар жинады. Коллекцияда шетелдік серіктестер сыйға тартқан бес ерекше экспонат көзге түседі. Олар үш метеорит фрагменттер, комета тектиттер және астероидтың сынықтары. Көрмеде қойылған барлық экспонаттарды жинау үшін 9 жылымызды арнадық дейді, мұражай қызметкерлері.
Дина Лепихина, география үйінің мүшесі:
9 жыл бойы зерттедік, өңдетік. 2021 жылы мұражай ашу керек деген шешімге келдік. Экспонаттардың басым бөлігі Павлодар облысынан табылған. Сондай-ақ тағы бір кішігірім сөрені пайдалы қазбаларға арнадық.
Инвесторлар үйінде орналасқан мұражай бөлмесін география үйінің қызметкерлері жөндеген. Өзге де ұйымдар мен басқа аудандағы әріптестер де қол ұшын созыпты. Олар мұражайды керек жабдықтармен қамтамасыз етіп, дизайн жасап қолғабыс болған.
Надежда Ларина, география үйінің мүшесі:
Ақсу феросплав зауыты бізге қаржылай демеушілік көрсетті. Мұражайдың ашылуына және бірақатар экспедицияға баруға септігін тигізді. Бізге бөлінген бұл бөлменің жағдайы алғашқыда нашар еді. Жөңдеу жұмыстарын мұражай қызметкерлері өздері жасады.
Павлодар география үйі биыл тағы бірқатар экспедиция жасап, қорды толықтырмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта палеонтологиялық мұражайдың ашылуы күтілуде.
Ақмаржан Қалымбек, Валентина Диденко