Павлодар облысында жыл басынан мүгедектігі бар 500-ден астам адам мансап орталықтарына барып, жұмысқа орналасуға ниет білдірген. Олардың 200-ден астамы тиісті шаралармен қамтылды, 26 адам тұрақты қызметке орналасты.

Павлодар облысында мүгедектігі бар 29 мыңнан астам адам тұрады. Олардың ішінде 3917-і 18 жасқа толмаған. Олар техникалық құралдармен, оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Оған биыл бюджеттен 3,2 млрд теңге жоспарланып отыр.

Жанат Қасымов, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы

Мереке күндеріне ҚР Конституция күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата аналарға 20 АЕК көлемінде, колледжерде ақылы оқитындарға 30 АЕК, ЖОО-да ақылы оқитындарға 60 АЕК. Сондай ақ бір реттік төлемдер көзделген.

Павлодар облысындағы мүгедектігі бар адамдарға 29 бірлік инватакси қызметі көрсетіледі. Былтыр олардың екеуі ғана жаңартылды. Биыл бұл қызметке 163,2 млн теңге бөлініп отыр. Одан бөлек, жылдың басынан арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын нысандар лицензияланады.

Жанат Қасымов, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы

Павлодар облысында арнаулы әлеуметтік қызметті 41 суьекті ұсынады. 12 медикалық әлеуметтік мекеме, 13 субьект үйде қызмет көрсету орталығы, 16 субьект үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Бүгінгі күні 41 нысанның 29-ы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензия алды. Қалғандары бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жылдың басынан облыстағы мансап орталықтарына мүгедектігі бар 537 адам жүгінді. 228 адам тиісті шаралармен қамтылды, 26 адам тұрақты, 155 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты. 47 мүгедектігі бар азамат «Бастау бизнеспен» қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, брифинг барысында «Самал» оңалту орталығының жағдайы айтылды. Қазір ғимарат босатылды, жақын арада онда жөндеу жұмыстары басталады. Қызмет алушылар басқа әлеуметтік мекемелерге таратылды. Тек «Самал»-да жылдар бойы еңбек еткен кейбір азаматтар әлі жұмысқа орналаспаған, басқармада бұл мәселе жақын арада шешімін табуы тиіс деді.

Самал Қалиқызы