Мойылды ауылындағы «Тұлпар» спорттық-сауықтыру кешенінде Мойылды ауылы әкімінің Кубогы үшін ардагерлер арасында волейболдан жарыс өтті. Бәсеке Ертіс арнасының 60 жылдығына арналды. Тартысты кездесулер барысын тілшіміз баяндасын.

Шара мемлекеттік гимді асқақтата шырқаумен басталды. Облыстың әр елдімекенін келген ардагер волейболшылардан құрылған командалар өз шеберліктерін тағы бір сынап алу үшіне Мойылдыда бас қосты.

Жеңіс Әбікен, Мойылды ауылының әкімі

Осынша жасқа келсе де спорттан қол үзбей салауаатты өмір салтымен жастарға тек қана тәлім-тәрбие үлгі көрсетіп жүрген азаматтардың басын қосып сіздерге бір мейрам жасайық деген ой. Жарыс болғаннан кейін жеңіс болады, жеңілу болады. Ең бастысы сіздерге жақсы спорттық көңіл-күй сыйлау. Жақсы ойын болсын!

Бәсеке биыл 60 жасқа толып отырған Ертіс телеарнасының құрметіне арналды. Ақпарат айдынында қанатын кеңге жайған, ел мен жердің бейнешежресін таспалаған арнаның айтары әлі де көп.

Жұмабек Сманов, «Ertis» телеарнасының директоры

Бүгінгі спорт тойы, бүгінгі достық тойы құтты болсын! Салауатты өмір салтын қалыптастырып жүрген сіздердей спортшыларға сәттілік тілейміз! Биылғы айтулы мерекелердің қатарындап біздің телеарнасыздың 60 жылдығы да бар. Осыған орай керемет спорт турнирін ұйымдастырып жатқан Мойылды ауылының әкімдігіне ерекше алғысымызды білдірепміз.

Қатысушылардың барлығы жастары егде тартқанына қарамастан өздерінің спорттық баптарын көрсете білді. Тосқауылдар мен шабуылдарда шеберліктерін танытты. Спорт жасқа қарамастан адамға дос екендігін дәлелдеді.

Нұрлан Әбетжан, «Тұлпар» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің басшысы

Бұл жердегі ең басты шарт ойыншылардың жасына шектеу. 45 тен төмен болмауы керек. 45 тен жоғары. Өйткені, өздеріңіз біліп отқандай салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастардың арасында, оқушылардың арасында көп жарыстар өтіп жатыр да, ал, ардагерлер арасында жарыстар өте аз. Сол себепті осы жарысты дәстүрлі түрде ұйымдастыру ойымызда бар.

Әр ойын тартысқа толы болды. Волебол добын алақанда ойнатқан ардагерлер ширақтықтарын көрсетті. Десе де, мың жүйріктің ішінде шын жүйрік бар. Нәтижесінде жергілікті Мойылды командасы төртінші орын, БАҚ өкілдерінен құрылған «Ертіс» командасы үшінші орын иеленді. Ақтық сайыс «Атамекен» және «Аққулы» командалары арасында өтті. Тартысты кездесуде Аққулы ауданының ардагерлері басым түсіп, Мойылды әкімінің Кубогына иеленді.

Мырзыбек Абраев, Аққулы ауданы командасының мүшесі

Жасым 63 те. Әлі де ойнап жүрмін. Осы спортты серік еткеніме көп жыл болды. Барлық жарыстарға қатысып жүремін. Осы жарысқа қатысушылармен бұрын да талай ойнағанбыз. Ал, бұл бәсеке достық фтмосферасында өте қызықты әрі пайдалы болды. Финалдық ойынның тартысты өткенімен есте қалды.

Спорт рухтың да азығы. Сондықтан, бұндай жарыстар алдағы уақытта тұрақты түрде өтеді деп жоспарлануда.

Жанасыл Серікбол