Павлодарда Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшыларға арналған еске алу шарасы өтті. Жиын 20 ғасырдағы ең ірі техногендік апаттың зардабын бастан өткеріп, өз өмірі мен денсаулығын құрбан еткен қаһармандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Апаттың 39 - жылдығы күні «Балалық шақ» саябағында Чернобыль ардагерлері, апатты жоюшылардың туыстары, қоғамдық ұйым өкілдері жиналды.
Олег Николашин, Павлодар облысы «Әскери-патриоттық тәрбие беру қауымдастығы» ҚБ төрағасы
Содан бері міне қырық жылға жуық уақыт өтті. Ол кезде заман басқа еді. Қазір болса апатты жоюға әр түрлі технологиялар, роботтар мен дрондар қолданылар еді. Бірақ, ол апат қырық жыл бұрын болғандықтан, барлығын адамдар, осында тұрған жандар өз қолдарымен істеді. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен күш-жігерлеріңізге жүктелді. Сондықтан, сіздер батырсыздар.
1986 - жылы 26 - сәуірде Чернобыль атом электр станциясының төртінші энергоблогында жарылыс болды. Радиоактивті ластану үлкен аумақтарға әсер етті. Чернобыльдегі қаралы оқиға қаза тапқандар мен жарақат алғандардың болжамды саны бойынша да, экономикалық залал бойынша да атом энергетикасы тарихындағы ең ірі қатер саналады. Апаттан кейінгі тазалау жұмыстарына жарты миллионнан астам адам қатысты.
Виктор Деймунд, Қазақстан республикасы «Чернобыль одағының» төрағасы
Павлодар облысынан барлығы 1100 адам шақырылды. Оның 900-і әскерилер еді. Денсаулық сақтау, энергетика саласының өкілдері де жөнелтілді. Жын салап олардың саны азайды. Павлодар облысында қазір олардың 240 ының ғана көзі тірі. Үш жыл бұрын еске алу батальонын құрдық.
Ардагерлер көзіне жас алып, жолдастарын еске алды. Келер жылы қайғылы оқиғаға 40 жыл толады. Үкіметтің қолдауымен бірқатар облыстық және республикалық іс-шаралар жоспарланған. Электронды еске алу кітабы дайындалуда, сонымен қатар барлық апатты жоюшылардың, олардың отбасылары мен ұрпақтарының бірыңғай мемлекеттік тізілімін құру бойынша жұмысты қайта бастау қажет.
Жанасыл Серікбол