Мамыр мерекелі ай. 1-і күні халықтар бірлігі аталып өтілсе, 7-сі және 9-ы күндері ерлік дастаны жырланады. Павлодар облысы атаулы мейрамдарды қалай тойламақ? Алдағы материалда.

1-мамыр күні облыста 70 тен астам мерекелік шара өтеді. Барлығы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылады. Республикалық және облыстық «бірлік» жарысы өтеді. Астана қаласында өтетін жарысқа облыстан 30 спортшы барады.

Айнұр Раисова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

Облыстық «Бірлік» жарысы таңғы сағат 10.00 де Усолкағы «Ертіс» шаңғы базасында өтеді. Оған 500 ге жуық тұрғын қатысады деп жоспарлануда. Төменгі жағалауда Ассамблеяның 30 жылдығына арналған шеру өтеді. Оған қалалар мен аудандардан келген өкілдер қатысады.

Елордадағы «Қазақ елі» әскери шеруі лэд экран арқылы көрсетіледі

Сонымен қатар, Отан қорғаушылар мен Жеңістің 80 жылдығы да ауқымды түрде аталып өтілмек. Бұл бағытта 200 ден астам шара жоспарланған. Мәселен, Елордада өтетін ерлік шеруі Ертіс Променад сахнасы мен Екібастұз және Ақсу қалаларында ЛЭД экран арқылы көрсетіледі. Шеруді тамашалау үшін Астанаға 15 делегация барады. Ал, Жеңіс күніне орай ардагерлерге құрмет көрсету, патриоттық бағыттағы көптеген шаралар ұйымдастырылмақ.

Самал Сәменова, Павлодар облысы мәденет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары

Тоғызыншы мамаыр күні мыңға жуық мыңға жуық мәдени іс-шаралар жоспарланды. Облыстық музейлердегі көрмелер мен тақырыптық кештер, көрсетілімдер жоспарланды. 1,7,9 мамыр күні барлық музейлерге кіру тегін. Филармонияда симфонилық оркестрдің концерті өтеді. Ол да тегін.

Осылайша елдің бірлігі мен асқақ рухын дәріпте мақсатындағы шаралар барша облыс жұртшылығын қамтымақ.

Жанасыл Серікбол