Облыс орталығында «Батырларға тағзым. Ескерткіштен ескерткішке» атты эстафеталық жүгіру марафоны өтті. Оған жалпы саны 400-ге жуық қатысушы қатысты.

Эстафета Мәңгілік алау алдында басталып, Даңқ обелискісі жанында мәреге жетті. Қатысушылар 4,5 шақырым жүгіріп өтті.

Мадияр Тілеубеков, Павлодар қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Бүгінгі эстафетамыз Жеңістің 80 жылдығына арналған. Өзіміздің соғысқа қатысқан ата-бабаларымызды еске алу мерекесі, сол эстафетаға қатысып отырмыз.

Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған жаппай жүгіру — денсаулықты нығайтудың, көңіл-күйді көтерудің және еліміздің тарихын еске түсірудің тамаша жолы. Осылайша, адамдар тек өз денсаулығын күтіп қоймай, сонымен қатар, ардагерлердің ерен еңбегін ұлықтап, сол кезеңдегі батырларымызды еске алды.

Әсем Мұхтарқызы, қатысушы

Бұл бізде 4 бөлімге бөлінді. Бірінші бөліміміз Камзина-Толстого жақтан жүгіріп келдік, екінші бөлімде Сарыарқа жаққа барамыз.Осыдан кейін үшінші группада жалғасады.

Жаппай жүгіруге 400-ге жуық адам қатысты. Мұндай шара спорттың даңқын арттырып, қала тұрғындарын салауатты өмір салтына шақыруға бағытталған.

Қымбат Садық