Павлодарда әділдігімен, дана шешімдерімен тарихқа өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі — Шоң би Едігеұлының құрметіне арналған бата беру сайысы өтті. Бұл шара ел тарихында маңызды орын алатын тұлғаның мұрасын жастар арасында насихаттау, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. Ендігі сөзді әріптесім жалғастырсын.

«Ата жолы – ақ бата» атты бата оқу сайысы Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны Шоң би Едігеұлының 270 жылдығына орай ұйымдастырылды . Шараға 31 оқушы қатысып, ата-бабаларымыздан асыл мұра ретінде қалған қасиетті ақ батаны нақышына келтіре орындады.

Шара үш кезенде өтті. Алғашында қатысушылар өздерін таныстырды. Келесі кезеңде бата берді. Ал үшінші кезең дәстүрге қатысты сұрақ-жауап сайысы өтті.

Айта кетейік, Шоң би Едігеұлының құрметіне бата беру сайысы өңірімізде үшінші мәрте ұйымдастырылды.

Жанасыл Серікбол