Қарты бар үйдің қазынасы бар. Дарынды балаларға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия-интернатында «Кәусар бұлақ» әжелер клубы белсенді жұмыс атқарады. Өткен жылдың қыркүйек айында құрылған топ бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында бір қатар шараны қолға алған.

Ата-әженің қолында тәрбиеленген балалар ерекше. Олар ата-дәстүрмен, ұлттық әдет-ғұрыппен, қазақтың ырымын жетік меңгеріп өсері сөзсіз. Осы мақсатта әрбір мектеп қабырғасында әжелер клубы ашылған. Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия-интернатында «Кәусар бұлақ» атты клубының мүшесі Сара Қапанқызы кезекті іс-шараны ұйымдастырды.

Сара Естаева, «Кәусар бұлақ» әжелер клубының мүшесі:

Осы тақырып өзімінң көңілімнен шықты. Осы ұлттық тағамдарды алдым. Оның ішінде бүрме қарынды алдым. Өйткені бүрме қарындар енді ғана көрініп жатыр. Қазіргі жүріп жатқан жеткіншектер енді ғана жетіліп 16-17 жастан шығып келе жатыр. Осы сіңіп қалсын деген ойда, ұрпақтармызға.

Тәрбие тал бесіктен. Бүгінгі ұрпақ қазақи тәрбиемен қатар, ғасырлық тарихы бар мұрамызды да қатар алып жүруі де заңдылық. Ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан астың да алар орны зор. Бүгінгі жиында әжелер ақ дастарханға ұсынылатын ұлттық тағамдардың мән-мағынасын айтып, маңыздылығына тоқталды.

Сара Естаева, «Кәусар бұлақ» әжелер клубының мүшесі:

Қазақ халқы көшпелі. Мал шаруашылығымен айналысқан халық. Олар қонған жерінде тез ара мал сойып жібереді. 03:09 + 03:13 қосты құрғанша, шәй қайнағанша бүрме қарынды жасап жібереді. Олар малды сойып бүрме қарынды жасап жібереді. Бүрме қарын ішіне не салады. Асты жілігін, жанбасты, бәрін ішіне салып, бұрыштарын жауып, араластырып, жерді қазады. Жер ошақ. Сосын оның бетін жабады да екі сағаттай пісіреді.

Абайдай дана тәрбиелеген Зередей зерделі әжелердің ұрпақ тәрбиесінде рөлі өте жоғары. Мұндай ұранды ұстанған ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар тәрбиелік мағынасы зор осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрады.

Мөлдір Сағидолла