Биыл да қазақстандықтарды ірі саяси науқан күтіп тұр. 2022-жылы Президентін таңдаған халық, енді Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға дайындалуда. Бұл науқанның болатындығын Президент алдын-ала айтты. Осылайша, биылғы жылдың 19-наурызы өтетіндігі хабарланды. Ал, бұл сайлаудың бұрынғы сайлаудан өзгерек екендігі белгілі. Өйткені, Мәжіліс құрамы 70 пайыз партиялық тізімнен, ал, 30 пайызы бір мандатты округтердің атынан жасақталады.