Павлодарлық шенеуніктер сотта монополистке 160 млн теңгені қала тұрғындары алдында өтеуге міндеттеді. Мұндай негізсіз алынған кірісті өңірдің табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары анықтаған. Енді бұл ақша тарифке түсіп, коммуналдық қызмет ақысы арзандауы тиіс.

Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары «Водоканал» серіктестігі қаражатты негізсіз пайдаланғанын анықтады. Тарифтік сметалар талдамасы нәтижесінде монополист компания халықтан негізсіз 160 млн теңге көлемінде пайда тапқан. Аталмыш фактіге қатысты іс сотта қаралды. Соттың бірінші отырысында «Павлодар-Водоканал» кәсіпорны тұтынушыларға 160 млн теңге қайтаруға міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ибрагим Тангиев, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

Олар жоғары тұрған органдарға шағым түсірді. Алайда, бұл шағым қабылданбады. Аталмыш іс бойынша сот процесі аяқталды. «Павлодар-Водоканал» кәсіпорны тұтынушыларға 160 млн теңге қайтаруға міндеттеледі. Монополист сотқа шағымдануға құқығы бар. Департамент бірінші инстанцияны жеңіп алды.

Департамент бұл ақша арқылы қала тұрғындарының ай сайын алатын түбіртек сомасын азайтуды сұраған. Соның негізінде биыл сумен қамту және су бұру жұмыстарының ақысы едәуір арзандауы тиіс. Мәселен, ауызсу тарифі 4,5%-ға арзандауы керек. Айта кетейік, биылдан бастап Президентінің тапсырмасына сәйкес елімізде жаңа тарифтік саясат қолданылады. Тариф инвестиция ретінде құйылмақ. Себебі, өңірдегі желілердің 70 пайызы тозған.

Әйгерім Тоқпанқызы