Бірнеше жыл бұрын қолға алынған «Сарыақа» шағын ауданындағы құырылыс жұмыстары биыл мәресіне жетпек. Осылайша алюминстрой шағын ауданандағы ескі үйлердің тұрғындары толықтай жаңа қонысқа көшіріледі. Қазіргі уақытта номері отыз тоғызыншы үйдің құрылысы аяқталуға жақын.


Қазіргі уақытта алюминстрой шағын ауданының 216 отбасы уақытша баспанада тұрып жатыр. Ал, шағын ауданда сүрілмеген алты үй қалды. Олар Павлов көшесіндегі сексенінші, сексен екінші, сексен төртінші, 103 те бөлек екінші, сонымен қатар Циалковский көшесі 19 бөлшек 1 және Қамзин көшесі 156 мекенжайыдағы үйлер. Бұл үйлерде қазір 48 отбасы тұрады.

Кенжегүл Жолжақсынова, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің меңгерушісі:

Аталмыш үйлер биыл сүрілетін болады. Ондағы тұрғындар құрылысы аяқталуға жақын 28-ші, 33-ші, 39-шы және 41 үйлерге көшіріледі. Жекелей тоқталатын болсақ, 39-шы үй пайдалануға берілуге жақын. 33-ші және 41-ші үйлерде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, 28-ші үйдің соңғы тоғызыншы қабаты салынып жатыр.

Қазіргі уақытта «Саырарқа» шағын ауданына 37 үй салынған. Биыл тағы бес үй салынып, шағын ауданда жиыны 44 жаңа үй болады. Осымен «Сарыарқа» шағын ауданындағы құырылыс жұмыстары биыл мәресіне жетпек.

Абылай Мүшкенов, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

Бес үйді биыл аяқтап, тапсырамыз. Осымен «Сарыарқа» мқлтек ауданындағы құрылысты аяқтаймыз. Жаңадан салынған бес үйдің төртеуі алюминстрой шағын ауданының тұрғындарына берісле, біреуі «Отбасы» банк арқылы баспана кезегеніде тұрған тұрғындарға табысталады.

Қазіргі уақытта жоағырда айтқанымыздай 39үй пайдалануға беруге жақын. Қалған үйлердің құрылыс қыркүйек айына дейін аяқталады деп күтілуде. Тиісті мекеме өкілдері құрылыс жоспар бойынша жүріп жатқандығы, ешқандай тәуекелдер жоқ екендігін айтады.


Жанасыл Серікбол