Бүгін «Қазақ» газетінің жарыққа шыққан күні. Жиырмасыншы ғасырдың басында «Алаш» қайраткерлері құрған газет сол кезеңде тұтас бір халықтың бағыты мен бағдарын айқындады. Ұлттық мәселелерді ресми баспа бетінде қөтеріп, Алаш ұранын тірілітті. Газет сол уақыттағы қазақ ауқаттыларының демеушілігімен жарыққа шығып тұрды.


1913-жылы 2-ақпан күні Орынбор қаласында «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарыққа шықты. Онда Ахмет Байтұрсынұлының жаңа газеттің мақсаты мен міндетін айқындаған мақаласы жарияланды. Газет негізінен ұлттық мәселелерді қозғауға бағытталды.

Серік Елікбай, жазушы, профессор:

 «Қазақ» газетінің шыққаны, қазақ ішінде жатқан азатттыққа деген бұлқыныстың басап бетіне шығуы. Болашақ билік өкілдерін газет бетінде дайындап алып шықты.

Қазіргі тарихшылар мен зертеушілер газет қаазақ халқы ішінде кәсіби, саяси журналистканың қалыптастырғандығын айтады. «Қазақ» газетінің айналасына топтасқан алаш қайраткерлері әр түлі тақырыпты қозғай білді. Десе де әрқайсысының өз міндеті мен бағыт бағдары болды.

Серік Елікбай, жазушы, профессор:

Көбінесе Әлихан Бөкейхановтың айтатын мәселесі экономика, билік мәселесі, Ахмет Байтұрсынұлының айтатыты білім мен ғылым. Әрбір журналист өзінің стильін әкелді.

«Қазақ» газет әуелі ұттың өз атын өзіне қайтарды. Басылымның әр саны ел ішінде оннан астам облысқа тарап, сонымен қатар, Қытай және Ресей, Түркия елдеріне дейін жетіп тұрды. Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров сияқты қазақ әдебиетінің алыптары да баслымының жанынан табылды.

Серік Елікбай, жазушы, профессор:

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Айқап» пен «қазақ» ты қосатын дүние. Жүсіпбек Аймаууытов қала қарымын сол жерде сынап көрді.

Басылым 1918 - жылға дейін жұмыс істеді. Бес жылы ішінде сөз бостандығы мен демократияның үлгісін көрсетіп, кәсіби журналистканың негізін қалай булімен өз миссиясын толық атқарды.


Жанасыл Серікбол