Павлодарда құрметті бапкер, мектеп жаттықтырушысы Әділбек Зайнулинді еске алуға арналған стритболдан турнир өтті. Бапкер көптеген үздік спортшыларды тәрбиелеген. Еске алу шарасына қаланың 37 мектебі қатысты.

Бапкердің құрметіне арналған еске алу турнирін жаттықтырушының шәкірттері ұйымдастырды. Спорттық шараға оның туыстары, әріптестері мен тәрбиеленушілері жиналды.

Қаныш Демесінов, А. Зайнулиннің оқушысы:

Әділбек Ділдиұлы мені бала кезімнен...мына туринрді жасап жатрымыз. Мына турнирді әдейі...осындай турнирді өткізіп жүрміз.

Әділбек Ділдиұлы №39 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және жас баскетболшылардың жаттықтырушысы болған. Көзі тірісінде оқушыларының бойына шығармашылық белсенділікті, қайрат пен ұлттық рухты сіңіруге бар күшін салған.

Заур Мәсімов, жарысқа қатысушы:

Әділбек Ділдиұлының шәкіртімін. Мықты жаттықтырушы еді. Өмірден өткені өте өкінішті. Жақсы тәлімгер болатын. Дұрыс, әрі салауатты өмір салтын ұстануды үйретті. Бір жыл ішінде біз екі чемпионатта жеңіске жеттік. Бапкерімізге рахмет. Ол маған баскетбол ойнауды үйретті.

Ұйымдастырушылар бұл спорттың танымалдылығы артуына байланысты стритболдан жарыс өткізуді ұйғарған. Баскетболдан айырмашылығы, ойын командада үш қатысуымен ойнатылады.

Жәңгір Сағындық, жарысқа қатысушы:

Ойын тартысты өтіп жатыр. Бұл баскетболға қарағанда әлдеқайда көп энергияны қажет ететін спорт түрі. Бұнда қарқын әлдеқайда жақсы сезіледі.

Облыс баскетбол федерациясы Әділбек Зайнуллинді үш мәрте жылдың үздік жаттықтырушысы деп таныды. Чемпионатты ұйымдастырған шәкірттері бұл жарысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.


Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров