Екібастұзда апат салдарынан бүлінген пәтерлерді жөндеу жалғасуда. Бүгінде 250 баспана қалыпқа келтірілген. Тағы 100 үйде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пәтер иелері тұсқағаздар, ішкі есіктерді, сондай-ақ құрылысқа қажетті басқа заттарды өздері таңдайды.

Қасымбек Жүсіпов, Екібастұз қаласының тұрғыны:

Апат кезінде жылу өшіп, су болмады. Бәрі қатып қалды. Құбыр жарылып, пәтерімізді су басты. Үйдің қабырғалары, еден, баспанамыз толығымен зардап шекті. Арнайы комиссия келіп, барлық шығынды есептеді. Уәде еткендей уақытында жөңдеу жасап берді. Мен оларға ризамын.

Кенжал Тұрымбетов, компания директоры:

Түсқағаздарды ауыстырамыз, келесі бір пәтерде еден, төбе, есіктері бүлінген. Біз керекті материалға тапсырыс береміз, бір апта ішінде пәтерді толығымен жөңдеп беріп жатырмыз.