Кеңсе тауарларынан бөлек балаларға мектеп формасы қажет. Қазіргі уақытта сапасы мен талғамына қарай түрлі дизайндағы киімдер бар. Біз әуелі оның базардағы бағасын біліп қайттық.
Мектеп формасымен қатар денешынықтыру сабағына киетін спорт киімі, аяқ киім керек. Сонда бір баланы мектепке дайындау үшін шамамен 100 мың теңге қажет. Ардақ Жұмабекова 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Ай сайын мемлекеттен 50 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы алады. Және де 100 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Елімізде 1 тамыз күні басталған «Мектепке жол» акциясына риза. Мектеп ұжымы, кәсіпкерлердің қолдауымен екі баласына мектеп формасы мен кеңсе заттарын әкеліп берді.
Ардақ Жұмабекова, көпбалалы ана:
Мектепке жол акциясы бойынша мектеп тарапынан көмектер беріліп жатыр. Мектеп формасы, канц товар беріліп жатыр. Өйткені қазір мектепке дайындақ, дайындау, киіндіру балаларды өте қымбатқа түседі. Бір балаға 100 мыңнан аса ақша кетеді. Сондықтан мектеп ұжымдарына алғысым шексіз.
Ал мына бес баланың анасы аты жөнін атамауын өтінді. Бала күтіміне байланысты еш жерде жұмыс істемейді. Бүкіл жанұясын тек жолдасы, балаларының әкесі ғана асырап отыр. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде демеушілерден жәрдем сұрайды.
Бұл отбасыға төмендегі білім бөлімінің телефонына хабарласып көмек қолын соза аласыз.Жалпы бүгінгі күні акция барысында 5 млн теңге сомасына 371 оқушыға көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы қыркүйек айының 30 на дейін жалғасады. Науқанға еліміздің кез келген азаматы өз септігін тигізіп, көмек қолын соза алады.
Әйгерім Тоқпанқызы