Потанин атындағы өлкетану музейінде Шәкен Аймановтың 109 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Шарада талантты актер, әрі режиссердің киноға келу тарихы айтылып, мұрағатта сақталаған видеобейнелер көрсетілді.

Потанин атындағы өлкетану мұражайында қазақ киносының саңлағы Шәкен Аймановтың өмірі мен өнерін еске алды. Шараға колледж студенттері мен өңіріміздің өнер қайраткерлері шақырылды. Қазақ киносының шоқтығын асқақтатқан тұлғаның шығармашылығын жастарға таныту керекпіз, дейді мұражай мамандары.

Іс-шараға өңіріміздің тетар өнерінің майталмандары да қатысты. Солардың қатарында Қазақстанның мәдениет қайраткері, Ж.Аймауытов атындағы драма тетарының әртісі – Бейбіт Шәнім. Ол Аймановтың көзін көрген бауыры Кәукен Кенжетайұлының шәкірті.

Шәкен Аймановтың туған күніне орай аталып отырған іс-шара өлкетану музейінде жыл сайын өтізіліп тұрады. Келер жылы шоқтығы биік әртістің 110 жылдығы атап өтілмек.

Ақмаржан Қалымбек