Павлодарда жастар күні мен жұмысшы мамандықтар жылына арналған ауқымды шара ұйымдастырылды. Көрмеден басталған кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

«Ертіс променад» алаңында жиналған жұртты алдымен бейнеүндеу арқылы Мемлекет басшысы құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев форумға жолдаған құттықтау сөзінде жастардың ел дамуына қосып отырған үлесін маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан республикасының президенті

Сіздер барлық салада. Спортта, білім сайыстарында, еріктілік пен экологиялық бастамаларда белсенділік танытып, елдің абыройын арттырып келесіздер. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі сіздердің қолдарыңызда. Мемлекет сіздердің дамуларыңызға барлық мүмкіндік жасап отыр, ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет басшысы биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамының мәртебесін арттыру, білікті кадрлар даярлау және жастарды өндірістік салаға тарту бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын ерекше екенін айтты.Сонымен қатар, концертте сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін жоғары бағалады.

Ермек Көшербаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары

Құрметті форумға қатысушылар, жастар. Биылғы форум еліміздің қарқынды Павлодарда өтіп жатыр. Павлодар индустриялық жүрегі. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев, жастар прогрестің символы деп атап өтті. Жастарды қолдау бағыттары жүйелі түрде дамып келеді. Осы бағытта кәсіби бәсекеге қабілетті буын шеберлерін тәрбиелеу аса маңызды. Сондықтан осы жерде бас қосуы маңызды.

Аймақ басшысы бүгінгі шара жастар үшін жай кездесу емес, үлкен мүмкіндік деді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Ел Президенті Бұл әрбір жастың мұраты деп үміт артты. Бүгінгі форум жай кездесу емес. Бұл мақсат айқындалып, білім мен білік тоғысатын алаң. Сондықтан шара жаңа идеялар мен батыл бастамаларға арқау болады. Нақты нәтижелер әкелуі тиіс.

Форум аясында өңірдің ірі кәсіпорындары мен колледждері қатысқан «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі өтті. Қатысушылар заманауи өндірістік жабдықтармен танысып, тәжірибелік шеберлік сабақтарына қатысты.

Марат Түсіпов, «Богатырь көмір» ЖШС аға технологі

Мен өзім 2009 жылдан бері жұмыс істеп жатырмын. Электрослесарь болып. Сатымен көтерілдім аға технолог жұмысын атқарып жатырмын. Біз өзіміздің түгел шығаратын өнімдер, техникаларды көрсетіп жатырмыз. Минералдар, техникалар, эксковатор, аппараттарымыз бар, соны көрсетіп жатырмыз жұмыстары.

Жастардың ірі кәсіпорындарда еңбек етіп, ел игілігі үшін жұмыс істеп жатқаны қуантады.

Іңкәр Кәрібай, «Павлодарэнерго» АҚ қызметкері

Мен высоковольтный болып жұмыс істеймін. Бұл үлкен токпен жұмыс істеу. Он киловольтпен жұмыс істейді. Жұмыс барысында жұмыс істейді. Өзіңді қоя білсең бәрі жақсы болады.

Өңір жастары көрмені аралап, ірі өнеркәсіптердің жұмысымен танысты.

Тілеубек Жәрдемия, Павлодар қаласының тұрғыны

Иә, осы жаңа ғана 15-20 минут көлемінде болды. Барлық салаларды көріп келемін. Тецтер мен электраймақтарын көрдім. Ұнап жатыр негізі.

Айта кетейік, республикалық форумға еліміздің әр жерінен 100-ден астам делегат қатысты.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы

Мін екі күн бойы біздің өңірде барлық еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам делегат қатысып отыр. Республикалық жастар форумы өтіп жатыр. Орталық жағажайда Жастар фест шарасасына жиналып отырмыз. Барлығы атсалысып қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, жастарға арналған концерт ұйымдастырылып, Ilhan, Adil, Kalifornia және Bytanat өнер көрсетті. Әртістер көрермендерді мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Самал Қалиқызы