Екібастұз қаласында да халықаралық жастар күні ерекше форматта аталып өтті. "Екібастұз Fest" атты кең ауқымды фестиваль қаланың жастарына жарқын естелік сыйлады. Кеш барысында 15-ке жуық белсенді жас Сұлтанмахмұд Торайғыров атындағы арнайы төсбелгімен марапатталды.
Фестиваль сағат 17:00-де басталып, түнгі 22:30-ға дейін жалғасты. Экологиялық сананы арттыру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылып, кәсіпкерлер тарапынан сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, 60-қа жуық жас киберспорт турниріне қатысты. FIFA бойынша финалдық кезеңде 4 үздік киберспортшы LED экран алдында өзара бақ сынасты. Жеңімпаздарға 110 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Еркін Қосан, жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры
Фестивальдің алғашқы бөлімі бұл кидер спорттың басталса әрі қарай бізде Екібастұз жастарынан құралған екбмузик жобасының қорытынды кеші болады.
Ekbmusic жобасы – жаз бойы әр жұма сайын ұйымдастырылған жастар фестивалі. Қорытынды кешке ең үздік өнер көрсеткен жас таланттар шақырылып, өз шығармашылық туындыларын сахнада ұсынды.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Құрметті жастар қала қонақтары сіздерді жастар күнімен құттықтаймын. Өңірімізде еңбекқор жастар өсіп келеді. Мемлекет басшысы өскелен ұрпаққа үлкен сеніп артып барлық жағдайды жасауды. Екібастұз өңірінде 41 мыңнан астам жас буын өкілдері бар.Бұл елдің бүгінгі мен ертеңіне үлкен жауапкершілік.
Биыл алғаш рет Сұлтанмахмұд Торайғыров атындағы жастар төсбелгісі тағайындалды. Арнайы комиссияның шешімімен 35 үміткердің ішінен 15 үздік жас таңдалып, қала әкімі марапаттады.
Олжас Қайрат, блогер
Қазіргі таңда өзімнің 1,5 млн оқырманым бар.Бұл қаланы білетіндер де білмейтіндерде бар. Мақсатым осындай кішігірім қалада ауылдан қаншама талантты балалар бар екенін көрсеткім келеді.Жастарға мотивация насихаттайтын дүниелердің бірі. Тек алға қойған мақсаттарына жету дұрыс жолмен жүру.
Фестивальге елімізге танымал Қаракесек, The Address, The Brooklyn секілді орындаушылар қатысты.
Аталмыш іс-шара би кешімен жалғасып, жаздың соңғы күндеріне арналған мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Осылайша, Екібастұз жастары үшін бұл күн тек мерекелік емес, үлкен шабыт пен болашаққа деген сенім сыйлаған маңызды күнге айналды.
Дильназ Қуанышбекқызы