Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев республикалық дүбірлі форумға қатысты. Достық үйінде еліміздің әр аймағынан жиналған жастармен кездесті.
Жиынға келген жастар бүгінде әр саланың тізгінін ұстап, белгілі жетістікке жетіп те үлгерген. Уақыттың қойған талабынан шығып, елге қажеттіні сезіне білген жастар.
Қарапайым еңбек саласының жастары да жиын төріннен табылды. Биыл жұмысшы мамандықтар жылы деп аталып қана қойған жоқ. Қарапайым, көзге көрінбейтін, бірақ, қоғам үшін, өмір үшін аса маңызды істердің қадірін бүгінгі ұрпаққа ұғындыру міндет етілген жыл. Бұл мақсатта істеліп жатқан жобалар легі де айтылды.
Жастарды ауыл шаруашылығы саласына тарту ісі де маңызды. Өйткені, сапалы азық-түлік мәселесі әлем алаңдап отырған ахуал. Қазіргі уақытта бұл салаға да жаңашылдық еніп, заманмен бірге дамуда. Тек, үлкен идеяға жұмылып, жұмыс жасау міндеті ғана тұр.
Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бүгінгі заманда жұмысшы маман мен инжерлік маман арасында алшақтық жойылғандығын айтты. Өйткені, технология дамып, жұмыс жеңілдеді. Сондықтан, жастар еңбектен қашпай, жаңашылқтықты үйрене отырып, өздерінеде асырап, елге де пайдасын тигізуге шақырды.
Жастардың жақсы маман болуы әлеуметті экономика негізі ғана емес, тұтастай елдің болашағы. Жастық қуатты еңбек пен білімге арнасаң ғана ертең жемісі болмақ.
Жанасыл Серікбол