Павлодар ауданы Рождественко ауылында су тасқынынан сақтану шаралары күшейтілді. Өткен жылы көктемде су өткізу құбырларының жоқтығынан көшелерге қар суы жайылып кеткен еді. Ал, биыл ол қателік қайталанбайды деп отыр атқамінерлер.
Былтыр Рождественко ауылында су тасқыны күтпеген жерден болды дейді атқамінерлер. Оған бірнеше себеп бар. Су өткізу құбырларының жеткіліксіздігі, тосын ауа райы. Қардың күрт еруі жағдайды тіпткен күрделендірген.
Былтығы жағдай сабақ болып, биыл бұнда екі бірдей жаңа су өткізу құбыры салынды. Жол жабыны қалыпқа келді. Енді кіреберіс жолға орнатылуы тиіс тағы бір су өткізу құбырының жобалық-сметалық құжаты дайын.
Рашид Галеев, Рождественко ауылдық округінің әкімі:
Қазір бұл жоба бойынша конкурстық шаралар жүргізіліп жатыр. Екі аптаның ішінде негізгі тасқынға арналған су құбырын пайдалануға береміз деген үміттемін. Өткен жылғы қателік қайталанбас үшін осы шаралар жеткілікті деп ойлаймын.
Құбырлар аудандық бюджет есебінен салынуда. Осылайша қар суынан сақтану шараларына 2 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды.
Жанасыл Серікбол, Артур Поляков