Қала әкімі: отандық өнім қолдауға ие болуы қажет
«Қала жаңалықтары» айдарын жалғастырсақ. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков шаһардағы блокты жылу бөлімшелері мен пластиналы жылу алмастырғыштар өндіретін «Ридан» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорын заманауи жабдықтарды пайдаланады, өнімдерін техникалық стандарттарға сай шығарып, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанға жеткізеді. Кездесуде өндіріс орнының жабдықтарын қаладағы тұрғын үйлерге орнату мәселесін талқыланды. Шаһар басшысы отандық өндірушілерді қолдап, қала мен тұрғындарға пайдасы бар жобаларды жүзеге асыруға көмектесу маңызды екенін атап өтті.