Негізгі Жаңалықтар Ақсулық үлгілі отбасылар қалалық байқауында бас қосты

Ақсулық үлгілі отбасылар қалалық байқауында бас қосты

Ақсу

Ақсу өңірінің ең үлгілі отбасылары қалалық байқауда бас қосты. Сайысқа көпті көрген аталары мен әжелір бастаған, елге ұйытқы, көпке үлгі отбасылар қатысты. Олар алдымен өздерін көпшілік алдында таныстырып, артынша өнерлерін көрсетті. Рет-ретімен тілшіміз тарқатсын!

Бүгінгі жаһандану дәуірінде, түсініктер, дүниетанымдар өзгеріп жатқан уақытта отбасы құндылығы мәселесі алға шыққаны белгілі. Отбасы, шаңырақ қай уақытта болмасын адамдықтың бастауы болып қала бермек. Ал, байқауға көпке үлгі, елге береке болып отырған отбасылар келді.

Дәстүрлі ән өнері мен қолөнер, халқымыздың тәрбие негізі. Қатысушы отбасылар осынау асыл құндылықтардың бәрін ұстанып, ұрпақтан ұрпаққа жалғауда. Осының бәрі байқау барысында көрсетіліп, көпшілікке ұсынылды. 

Ата мен әже, әке мен шеше және немере. Үш ұрпақ - үш дәуірдің әлпеті. Қазақ тәрбиесін мен болмысының негізі болған ұрпақтар. Осынау үш буынның арасындағы сабақтастық тұтас ұлттық тәрбиенің рухани негізі саналады. 

Байқаудың қорытынды кезеңіне 5 отбасы жолдама алған. Олардың әрбірін әділқазылар алқасы ауыл мен қаланы аралап жүріп таңдаған. 

Байқау – Ақсу қаласының күз мезгіліндегі атаулоы мейрамдарының біріне айналып келеді. 


Бөлісу