Садық Кәрімбаевтың туғанына 105 жыл толуына орай музыкалық колледж базасында облыстық әншілер байқауы өтті. Оған әр ауданнан келген жас өнерпаздар, сонымен қатар, Павлодар қаалсындағы оқу орындарының студенттері қатысты.

Өткен ғасырдың ортасында Садық Кәрімбаевтың әндері республика көлеміне кең тарады. Радио мен телеарналардан Жамал Омарова, Роза Бағыланова сияқты еліміздің ең үздік әншілерінің барлығы дерлік орындады. Ұлттық бояуы қанық, ойнақы сазға толы туындылар қазақ халқының ән қоржынын байыта түсті.

Халықтың жүрегінен табылған әндерді қайта жаңғыртып, қазіргі жастардың репертураына молынан енгізу мақсатында осы байқау ұйымдастырылуда. Байқауға жиыны 20 ға жуық әнші қатысты. Барлығы да «Ақерке» мен «Ақтамақты» бала кезден құлағына сіңіріріп өскен өнерпаздар.

Қатысушылар әрқайсысы екі әннен орындады. Бірінші ән Садық Кәрімбаевтың шығармашылыған болса, екіншісі ән Садық Кәрімбаевтың замандас композиторлары шығарған бір ән.

Байқауды мәдениет басқармасының қолдауымен, Майра атындағы ән өнері шығармашылығы музейі ұйымдастырды. Композитордың туған-туыстары да шараға ат салысты.

Жанасыл Серікбол