Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқулары өтті. Бұл ақынның мұрасына деген сүйіспеншілктің, жастардың рухани ізденісінің айқын көрінісі.

Байқауға 18-ден 30 жасқа дейінгі жастар қатысты. Олар Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, қарасөздерін мәнерлеп орындап, ұлы ақынның әндерін шырқады. Үш кезеңнен тұратын бұл байқау жастардың тіл мәдениетін, көркемсөз шеберлігін шыңдауға бағытталған.

Мейрам Нұғыман, Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі

Биылғы жыл осымен 19-шы мәрте ұйымдастырылып отыр екен. Егер біз алдыңғы жылдарды қарайтын болсақ, әрине қазір көп өзгешелік бар. Қазір дайындық өте жоғары, қатысушылардың арасында өзара әсекелестік те жоғары. Бұл, біздің қаламызда шығармашыл жастардың белгілі бір деңгейге көтерілгенің, шығармашылықтың қарқын ала бастағаның көрсетеді. Әрі Аай шығармалары арқылы өздеріннің өнерлерін көрсетеді, қабілеттерін танытады. Қазақ әдебиетін оқуға немесе әдеи шығармалар оқуға талантты жастардың саны артып келе жатқанын байқаймыз.

Байқаудың басты мақсаты – Абай шығармашылығы арқылы қазақ тілінің көркемдігін, бай қорын насихаттау болды. Қатысушылардың көбі мұғалімдер. Өйткені, Абай мұрасын жастарға жеткізетін де ең алдымен ұстаз.

Нұрлан Абдолла, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бұл байқаулар мектепте оқушылар үшін де өткізіледі. Ал осы жастар арасында, яғни 18-30 жас өткізіліп жатқаны өте керемет дүние деп білемін. Өйткені, қазақ кім деген кезде бірінші Абайдың бейнесін ұялмай көрсете аламыз, яғни Абай қазаққа жаны ашығаннан қазаққа осндай керемет өлеңдер жазған. Қара сөздерін оқып, танысатын болсақ та, мысалы Абай қазақты мақтамаған, керісінше қазақты шыңдап, халық ретінде өз дәрежесіне көтеруге көп мүмкіндік жасаған. Қазіргі таңда қатысып отырғандардың көбі ұстаздар. Ұстаздардың басты міндеті Абайдың кермет сөздерін білу, және оларды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру.

Ұлы Абайдың шығармашылығы уақыт өтсе де солғын тартпайды. Керісінше, заман өзгерген сайын оның сөздері жаңаша мән алып, жаңаша жаңғырып отырады.

Гүлзат Мұстафа, №36 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

1 ай бұрын бізге осы байқауды жіберген болатын. Сол бойынша 1 ай бойы дайындалған болатынмын. Бұл жарыс мен үшін қобалжу, қиындық тудырды деп айта алмаймын. Себебі, мен былтырғы жылдан бері қатысып келе жатырмын.Сол үшін қатты қобалжу болып жатқан жоқ.

Айта кетерлігі, байқауға қатысқандардың еңбегі еш кетпеді. Қазылар алқасының әділ бағасымен жүлделі орындар тағайындалып, жеңімпаздар марапатқа ие болды.

Қымбат Садық