Павлодар облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Қызмет алушылар күні» атты ашық форматтағы кездесу өтті. Шара барысында тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мамандардан кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог алаңына айналған шараның басты мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.Іс-шара барысында келушілер мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, өтініш беру жолдары және азаматтардың құқықтары жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Арнайы ақпараттық баннерлер қойылып, тұрғындарға жаңа цифрлық мүмкіндіктер таныстырылды.

Мамандардың айтуынша, «EgovKzBot 2.0» платформасы іске қосылғалы бері расталған 47 өтініш бойынша азаматтардың құқықтары қорғалып, оң шешім қабылданған. Бүгінде департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Сондай-ақ, халықпен кері байланысты нығайтып, мемлекеттік қызмет саласындағы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге басымдық берілуде.

Дильназ Қуанышбекқызы