Мәдениет үлкен ауқымды қамтитын ұғым. Күллі мәдениеттің бастауы кітап оқуда жатыр десек қателеспейміз. Ал, кітапты болашаққа сақтайтын мамандар кітапханашылар. Осы салада ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі –Гүлнар Шокубаева. Ол бүгінде Павлодар ауылдық кітапханасында оқырмандарға сапалы қызмет көрсетіп келеді.
Гүлнар Тілеуқабылқызы кітапхана саласында жиырма жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Еңбек жолын ауыл кітапханасында қарапайым кітапханашы болып бастаған. Қазір алты жылдан бері қала іргесіндегі Павлодар ауылдық кітапханасының меңгерушісісі қызметін атқарады. Бұл сала үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты талап етеді. Кітаптарды алфавиттік жүйемен дұрыс орналастырып, оқырман сұраған еңбекті тез тауып беру – маманның басты міндеттерінің бірі.
Гүлнар Шокубаева, Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының меңгерушісі
Негізінде кітапханаға кіргенде өзім көп кітап оқитын адаммын. Орыс тілінде оқығанмын. Кітапханаға келгенде, көзім жарқырап, ойбай бәрін оқып шығамын деп ойладым. Менің ойымда кітапханашы отырады, кітапты береді. Болды, сосын әрі қарай өзіміз оқи береміз деп. Алайда олай емес. Жұмысы өте көп. Өзіме осы сала ұнағандықтан, маған қиын емес. Барлығын істейміз. Шығармашыл табыспен жасаймыз. Маған қыздар бар келетін. Шығармашыл адамдар барлығы.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – кітапханашылар, музей мамандары, театр әртістері, музыканттар мен мәдениет саласының барлық өкілдеріне көрсетілетін құрметтің белгісі. Бұл мамандар ұлттық мұраны сақтап, халықтың рухани байлығын келер ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етеді.
Гүлнар Шокубаева, Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының меңгерушісі
2024 жылы 21 мамыр күні мені қонақ ретінде шақырды. Сонда облыс әкімі мені төсбелгімен марапаттады. Өте қуанышты сәт. Менің ойымша осы мерекелер болу керек. Себебі бізді құрметтейді. Құрмет көрсетіп, біз де қуанамыз. Өзіміздің жұмысымызда әрі қарай жалғастырамыз. Қазір бізге балалар өте көп келеді. Біз шаралар өткіземіз жастармен.
Бүгінде кітапхана оқырман үшін тек білім ордасы ғана емес, шығармашылық пен рухани дамудың маңызды орталығы. Мәдениет қызметкерлері қоғамның кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға үлес қосуда. Осы салада еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Тұтас қоғамның кітап оқуға бет бұрсын қалыптастыру жолында мемлекет тарапынан да бірқатар шаралар қабылдауда.
Сабина Жолдаспаева