«Түркі жазбалары – мәңгілік мұра». Дәл осындай атпен түркі жазуы күніне орай байқау ұйымдастырылды. Оған облыс бойынша 13 адам қатысып, бақтарын сынады. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Елімізде жылда мамырдың 18-күні Түркі жазуы күні атап өтіледі. Дәл осы күні ежелгі түркі мұрасының аса құнды жәдігері – Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Моңғолия жерінен Астанаға жеткізілген болатын. Бұл күні күні атап өту аясында Павлодарда «Түркі жазбалары – мәңгілік мұра» байқауы ұйымдастырылды.
Жавохир Әбдурауфов, қатысушы
Қазіргі таңда тек қазақ тілінің ғана емес түркі тілдерінің тілін, салт дәстүрін мәдениетін, толық ашып айтуға, үйренуге мүмкіндік беретін іс шара. Біз ауылдан шыққан кісілерміз. Осы жерде туғаннан кейін қазақ тілін міндет деп ойлаймын. Қазақ өзбек бір туған сөз де бар. сондықтан өзге тілдерді үйрену міндетіміз деп ойлаймыз. Дсотық болғаннан кейін, Қазақстанда тұрғаннан кейін оны білу кез келген қазақстандықтың міндеті деп ойлаймын.
Байқауды Павлодар облысы мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өткізді. Жалпы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен аудандардан 10-дан астам адам қатысты.
Ментай Көбешова, қатысушы
Жалпы сайыс туралы мен биыл естідім. Мектеп бағдарламасында болғандықтан ерекше дайындықпен келдім. Бізге алдын ала ережелермен таныстық, сонымен дайындалып келдім. Жалпы мұғалім ретінде болашаққа берері мол деп ойлаймыз. Бұл біздің қанымызда жазылған код деп есептеймін. Шаққан тегімізді, тарихымызды білуіміз керек.
Қатысушылардың жұмыстарын жоғары оқу орындарынан келген қазылар алқасы бағалады. Байқау үш кезеңнен тұрды.
Әділбек Әмренов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде түркі жазбаларын білу керек. Бұл қай кезде шыққаны, қандай жазба нақты соны білсе болды. екінші эссе жазады. Танымдық тұрғыда, білімін көрсетеді. Сосын салт дәстүрге байланысты. Сонау түркі заманынан келе жатқан салт дәстүрлер өте көп. Соны біле ме? мәне не мағынасы не? Астарында не жатыр? Осындай мәселелер қарастырылу керек.
Байқау дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылады. Бірақ форматы өзгеріп отырады.
Самал Қалиқызы