Павлодар қаласының Орталық кітапханасында ақын, жазушы, лингвист-ғалым, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ рухының кемеңгері» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды жиында қаламгердің шығармашылық мұрасы, ғылыми еңбектері мен ұлттық руханиятқа қосқан үлесі кеңінен сөз болды.

Қазақ әдебиетінде ғана емес, күллі түркі дүниесінің рухани кеңістігінде өзіндік орны бар Олжас Сүлейменов — поэзия мен ғылымды қатар өрбіткен бірегей тұлға. Оның шығармалары ұлттың тарихи жадын жаңғыртып, тіл мен мәдениеттің терең тамырын танытуға бағытталды.Дөңгелек үстелдің басты мақсаты — ақынның бай әдеби әрі ғылыми мұрасын жас ұрпаққа насихаттап, оның елдік пен руханият жолындағы еңбегін дәріптеу. Сонымен қатар, жастардың бойында патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Жантас Еркінұлы, орталық қалалық кітапхананың қызметкері

Өздеріңіз білесіздер 90 жылдық мерейтойы өтіп жатыр. Ақынның қайраткерлігін, ғылыми жұмысын жастарға насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізіп жатырмыз. Болашақта осындай шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз. Дөңгелек үстелдің негізгі нүктесі ол Олжас Омарұлының мұрасы. Түрлі еңбегі әдеби мәденени мұрасы сарапталатын болады.

Іс-шараға жоғары оқу орындарының студенттері, тарих және тіл ғылымдарының профессорлары, сондай-ақ Павлодар өңірінің зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар ақын шығармаларының ұлттық сана мен мәдениетке ықпалы жайында ой бөлісіп, қайраткердің еңбектері уақыт өткен сайын маңызын жоғалтпайтынын атап өтті.Қаламы арқылы ұлттың рухын сөйлеткен Олжас Сүлейменовтің мұрасы — бүгінгі ұрпақ үшін де сарқылмас рухани қазына.

Дильназ Қуанышбекқызы