Тахауи Ахтановтың шығармасының желісі бойынша Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр сахнасында «Күшік күйеу» спектаклі қойылды. Бұл шығарма осыған дейін де қара шаңырақта сахналанған еді, бұл жолы қоғамдағы тіл мәселесі негізге алынды. Қойылым заманауи жастар тілінде жазылды десек болады.

Жастық кездегі максимализм, студенттік шақтағы қызыққа толы кездер. Тахауи Ахтановтың шығармасы желісінде сахнада «Күшік күйеу» қойылды. Бұл жолы бәрі басқаша, әртіс те, спектакльде қозғалатын мәселе де, образды жеткізу жолы да. Кейіпкерлер арасындағы айла, достық, махаббат ерекше ашылды.

Данияр Қуаныш, Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының әртісі

«Күшік күйеу» спектаклінде Бекболат деген басты кейіпкердің бірін сомдаймын. Бекболаттың бұл жерде студент жігіт, өзінің айлакерлігін көрсетеді. Осы заманның Алдар көсесін ойнаймын. Дайындық барысы өте қызық болды. Мен де спектакльдегі өз линиямды нақтылап алған болатынмын.

Аймауытов театрында соңғы кездері жас әртістер қатары артты. Олар бәрі осы қойылымда бой көрсетті. Ботка кейіпкері тіпті қазіргі қоғамдағы кейбір қыздардың бет бейнесін көрсетті.

Ақтілек Ақанова, Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының әртісі

Спектакльде Ботка рөлін сомдаймын. Ол ерке қыз. Ерме, қазіргі ерме жастардың бір бейнесі ғой. Дайындық барысы қызық болды. соншалықты қиын деп айта алмаймын. Қазіргі қоғамда ондай қыздар көп, соны бақылап алдық қой. Сондықтан соншалықты қиын болды деп айта алмаймын.

Сонымен, Ахтановтың «Күшік күйеуі» қара шаңырақта осымен 3-ш ірет сахналанды. Осы жолы режиссері Жангелді Садықов, шығарманы барынша заманға сай, жастардың тілімен шығаруға тырысқан.

Аружан Оразова, Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының бөлім меңгерушісі

Павлодар өңірінің көрермендеріне осымен үшінші рет сахналанып тұр. Үшінші режиссер қолтаңбасымен. Заманауи түрде, жаңартып, қайта қойдық десе болады. Қазіргі заманда тіл мәселесі өте өзекті, сондықтан осы мәселені қозғауға бел будық. Жалпы спектакль екі құрамда жүреді. Театрдың жастарын қамтиды. Бізге жаңадан қосылып жатқандар бар, солардың өнерін тамашалауға үлкен мүмкіндік. 2-2.5 ай көлемінде дайындалдық. Барша көрерменді осы спектакльде күтеміз.

Аймауытов атындағы театрда Премьера мамырдың 21,22 күндері де өтетін болады.

Самал Қалиқызы