Облыстық телеарна аумағында «Ардагерлер гүлзары» пайда болды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында телеарнаның бұрынғы қызметкерлері өздері ұзақ жыл еңбек еткен ғимарат маңына гүл екті.

Мамырдың шуақты күндерінде телеарна ардагерлері бас қосып, аумақты көріктендірді. Өткен күндердің естелігін айта жүріп, гүл еегіп, көп эылдық өсімдіктерді отырғызды. Осылайша ардагерлер атындағы тұтас гүлзар пайда болды. Тек ауланы көріктендіріп қана қоймай, телеарна қызметкерлері мен қонақтарына қуанышты әсер сыйлайтын орын дасауды бұрыннан ойлап жүргендіктерін айтады.

Енді телеарна ғимаратының айналасы бұрынғыдан да жайлы әрі көрікті бола түсті. Ал ардагерлер өздері отырғызған гүлзар облыстық телеарнаның негізін қалаған жандарды еске салып тұрады деген сенімде.