Бүкіл әлемнің мұсылмандары үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесінің басталуына да санаулы күндер қалды. Биыл мейрам мамыр айының 27-ші жұлдызында басталмақ. Айт кезіндегі құрбан шалу мен оның жолдары жайында кеңінен хабардар ету мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.

Құрбан айт - мұсылман күнтізбесіндегі ерекше қасиетке ие мереке. Бұл күндері құрбан шалып, жамағатпен айт намазын оқу – сауабы мол амал. Биыл Құрбан айт 27, 28, 29 мамыр күні тойланады. Алдымен Павлодар облысының барлық мешіттерінде таңғы сағат 6:00-де айт намазы оқылады. Содан кейін барып, құрбан шалуға болады.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы

26 мамыр Зулхиджа айының тоғызыншы күніне сәйкес келеді, бұл күнді біздер Арафа күні деп атаймыз. Негізі адам баласының денсаулығы болатын болса бір күн ораза ұстау абзал болады. Пайғамбарымыз бір хадисте «Кім Арафа күні ораза ұстаса, Алла тағаладан үміттенеміз, оның екі жылдық күнәсін кешіреді» дейді.

Құрбан айттағы басты парыздың бірі - құрбандық шалу. Павлодар қаласында жылдағыдай құрбандық шалу орыны «Құлагер» ипподромының аумағы. Әдеттегідей ол офлаин және онлаин түрде өтеді. Айта кетейік, онлаин формат үшін арнайы «qurban. kz 2026» платформасы іске қосылды.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы

Құрбандықты біздер төрт малдан шаламыз. Қой,ешкі, қара мал,түйе жатады. Біздің облыста үшеуі қолданылады. Бұл қой 1 жаста болуы керек, 6 жаста болатын болса ол семіз болуы керек. Ешкі 1 жаста, қой мен ешкі үкімі бірдей, ал қара мал екі жастан жоғары болуы керек. Қойға 1 кісі, ешкіге 1 кісі, қара малға 7 кісі кірісіп құрбандыққа шалуға болады.

Тұрғындар құрбандық шалу рәсімін белгіленген орындарда өткізуі керек. Тек, жер үйлердің тұрғынына өздері үшін шалған жағдайда рұқсат.Еске сала кетейік, тазалық – иманның жартысы. Сондықтан құрбандық шалу орындарында барлық санитарлық-тазалық ережелер сақталуы тиіс.

Батырбек Әлиев, Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Құрбандық шалу үшін жануарларды сату және сою ветеринариялық қызметінің ресми ветеринариялық-санияратиялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарында қағидалардың талаптарына сәйкес қала мен аудандарда жүзеге асырылсын. Екіншіден, мал сою пункттерінде мал сою кезінде саниятариялық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтау, мал сою процесінде пайда болатын қалдықтарды уақытылы шығару, қызметкерлердің медициналық тексерудің болуы, жеке гигиена ережедерін қатаң саақтауы, сондай-ақ санитариялық профилактикалық іс-шараларды сақтау.

Мереке басталған 27 мамыр күні түстен кейін, яғни сағат 14:00-де орталық мешіт ауласында қала халқы мен балалар, жастарға арналып арнайы мәдени-рухани және спорттық шаралар ұйымдастырылмақ.

Қымбат Садық