23-ші мамыр күні Орталық жағалауда Ертіс Променад сахнасы ашылады. Биыл жаз уақытында 18 демалыс күніне орай, 18 күнге әртүрлі іс шаралар ұйымдастырылмақ. Жалпы бұл қандай шаралар, қандай әртістер биыл жазда Променад сахнасында өнер көрсетеді? Тілшіміз айтсын.

Павлодар қаласындағы ең көрікті жерлердің бірі орталық жағалау. Мұнда дәстүрлі түрде жүзеге асып жатқан, ірі жобалардың бірі «Ертіс Променад». Биыл жазғы маусым 23-і күні, сенбі шымылдығын ашады. Жылдағыдай Қазақстан пен шетелден әртістер келіп, қала қонақтарымен тұрғындардың көңілін көтеретін болады.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Мамырдың 23 күні Бурито, Нано, Амерта топтары Ертіс Променад сахнасында ашылуда өнер көрсетеді. Павлодарлықтардың сүйікті әртістерінің бірі Трувер сахнаға шығатын болады. Сенбі күні іс шара өте ауқымды болады. Жалпы жаз бойы Променадта түрлі шаралар өтеді, қызыққа толы болады.

Қала күніне дайындық басталып кетті, деді әкімдікте. Бұл ретте шаһар тұрғындарынан ұсыныстар қабылданып, назарға алынады. Сонымен қатар, дәстүрлі түрде Променад сахнасында қазақстандық фильмдер көрсетіледі.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Былтыр 68 іс шара ұйымдастырылды. 800 мыңнан астам адам жалпы Ертіс Променад көрермені болды. Концерттерге 700-ден астам әртіс қатысты. Жылдағыдай аудандар да биыл өнер көрсетеді. Бұл олар үшін мол мүмкіндік. Сондықтан бұл тәжірибе биыл да сақталады.

Ертіс Променад сахнасы бір маусымда 700 ге жуық әртістің өнерін тамашалауға мүмкіндік берді. Сондықтан сахнаның техникалық жағдайы, едендердің жарамдылығы жылда тексеріліп тұрады. Ең алдымен бұл қауіпсіздік, деді әкімдікте.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Жыл сайын біз Ертіс променад сахнасының еденін ауыстырамыз. Себебі жылда ол жерде бишілер, әншілерден бөлек түрлі өнер иелері сахнаға шығады. Одан бөлек қыстан кейін кейбір заттарды ауыстыру керек. Сондықтан жылда едендерді сырлап, ауыстырып, тенттің жағдайын тексереміз. Электр құрылығылардың жұмысын да бақылап отырамыз.

Маусымның ашылуына орай орталық жағалауда отшашу ұйымдастырылады. Ол демеушілер есебінен қаржыландырылған. Айта кетейік, Ертіс Променад 23 мамырда ашылып, қыркүйектің 18-19 жабылады деп жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы