Павлодарда мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекеме қызметкерлері өңіраралық спартакиадада бас қосты. Спорттың төрт түрі бойынша Астана қаласында өтетін финалдық кезеңде кім бақ сынайтындығын сараптады.
Қатысушылар мемлекеттік әнұранды шырқап, шараның салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Спорттық шара былтырдан бастап қолға алынуда. Осынау бас қосу өзге де игі істердің бастамасы болады деген үміт мол. Қашанда барлық істің басы-қасында жүретін журналистер өзге мекемелерге қарағанда осы жолы да белсенділік танытты.
Сонымен, 7 команда спартакиада жүдесін сарапқа салды. Олардың ішінде Қостанай, Көкшетау, Перопавл қалаларынан келген командалар бар. Білек күшіне сенген ерлер қол күрестіріп, кім мықтыны анықтады. Сонымен қатар, тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер болып кімнің ойы терең екендігін сарапқа салды. Шахматтан да ерлер мен әйелдер ұтқырлық танытып, шеберілктерін сынады. Ал, үстел теннисі ең тартысты ойындардың бірі болып, спартакиада көркін қыздырды. Бұнда да ерлер мен әйелдер болып жіктеліп, араларындағы ең алғырын анықталы. Спорттық бәсекеге баршасы тыңғықты дайындалып, сайдың тасындай іріктеліп келгендіктерін айтады.
Өңіраралық спартакиаданың Павлодар қалассында өтуіне «Ертіс» телеарнасы ұйытқы болды. Күні бойғы тартысты ойынның нәтижесінде мықтылар анықталып, марапатталды. Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.