Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды. Екі кезеңнен тұратын олимпиадаға ауылдық елді мекендерде білім алатын 6-сынып оқушылара қатыса алады.
Білім додасы биыл үшінші мәрте өткізілмек. Егер өткен жылдары олимпиадаға 5-6 сынып оқушылары қатысса, биыл ерекшеліктер енгізіліп, білім сайысында тек 6 сынып оқушылары біліктілігін сынға салады.
Олимпиада үздіктері республикалық мамандандырылаған мектептеріне емтихан тапсырмай-ақ өту мүмкіндігіне ие болады. Мәселен, өткен жылғы олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Мойылды және Кенжекөл ауылының оқушылары еліміздің жетекші мектептерінен шақырту алды. Бүгінде 31 оқушы мамандандырылған мектептерде білім алып жатыр.
«Мың бала» бастау алған жылы олимпиадаға 3000-ға жуық бала тіркелген. Осы уақытқа дейін 500-ге жуығы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Айта кеткен жөн, тіркеу кезінде оқушының жетекшісі де тіркелуге міндеттеледі.
Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 30 наурызға дейін қабылданады. Тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында жүргізіледі.
Ақмаржан Қалымбек