Жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Қауіп кез-келген уақытта, кез келген жерден төнуі мүмкін. Әсіресе балалар демалатын лагерьлерде қауіпсіздік жоғары болсын, деді аймақ басшысы аппарат жиынында.
Оқу жылының аяқталуына аз уақыт қалды, осы ретте ата-аналар мен мұғалімдер оқушылардың қауіпсіз әрі пайдалы жазғы демалысын өткізуін қалайды. Мәселен, биыл облыста 334 мектеп жанындағы лагерьлерде 38155, 357 бейіндік лагерьде 51615, колледждер жанындағы бейіндік лагерьлерде 625 оқушыны қамту көзделіп отыр.
Самал Айтқазина, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы
Біздің облысымызда 12 қала сыртындағы балалар лагерінің 9-ы мемлекеттік, екеуі жеке меншік. Осы 12-нің 11-н ашу жоспарланып отыр. Бірнеше жыл қатарынан біздің реестрде бар 12 лагерьдің біреуі Баянауылдағы «Орленек» лагері жұмысын істемейді. Лагеьлерге мониторинг ұйымдастырылды. Жас дәурен мен Балдәурен лагерьлері 1600 баланы қамтитын болады.
Қазір жоғарыда айтылған екі лагерьдің дайындық қағаздары бар. Балаларды қабылдауға әзір. Ал, 3168 баланы қамтуды жоспарлап отырған 9 маусымдық қала сыртындағы лагерь тиісті құжаттарын санитарлық-эпидемиологиялық департаментке тапсырған.
Самал Айтқазина, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы
Жаз мезгілінде оқушыларды жұмыспен қамту бағыттардың бірі. Бұл жазғы еңбек жасақтары болады. Ең алдымен әлеуметтік осал топтағы отбасылардағы балаларды қамтиды. Қала мен аудан бойынша 2221 жоғары сынып оқушысын қамту жоспарлануда.
Жалпы жазғы маусым қарсаңында 5 мамыр мен 31 тамыз аралығында облыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Балалар лагерінің жағдайы былтыр біраз сын астында қалған еді. Сондықтан былтыр бюджет қаражаты есебінен біраз лагерь жөнделді. Биыл тағы қазынадан 52 млн теңге ақша бөлініп, жөндеу жұмыстары қарастырылып отыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Кешенді түрде бәрін араларп тексеріп шығыңыздар. Жоқ дегенде 70 мың баланы демалыспен қамту үшін қауіпсіздікпен қамту керек. Оған бәрі қатысуы керек. Жалпы балалардың жазғы уақыттағы демалысы олардың жай күйі, қауіпсіздігі аудан қала әкімдерінің бақылауында болуы керек.
Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекет бойынша басқа аймақтардың лагерьлердің дәретханасына балалар түсіп кететін жағдайды да еске түсірді. Оның айтуынша, Павлодар облысында қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін тексерістерді мұқият жүргізу керек.
Самал Қалиқызы