Өткен жылғы өрт маусымы кезеңінде Павлодар облысында 200 ге жуық өрт оқиғасы тіркеліпті. Жалпы алғанда орман өрті 32 пайызға, ал, дала өрті 2 пайызға ұлғайған. Тиісінше, материалдық шығын көлемі де бірден артыпты. Ал, биыл төтеншеліктер алдын-алу шарасына басымдық береміз деп отыр.
Орман өртінің негізгі себебі құрғақ ауа райы. Ал, дала өрттері өрт ұауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан. Жақында ғана облыс әкімінің қатысуымен алдағы өрт маусымына дайындықты пысықтаған төтеншеліктер қазірдің өзінде бірқатар шаралар атқарылғандығын айтады.
Қайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының орынбасары:
Қауіпті жағдай туындағанда жедел әрекету етудің алгоритмі құрылды. Техникалар мен күштерді дайындап жатырмыз. Жалпы 800 адам, 200 ге жуық техника өрт кезеңіне адйындалды.
Өрт-тілсіз жау. Десе де, алдын-алуға болады. Биыл бұл бағыттағы жұмыс күшейтілмек. Мәселен, «Ертіс орманы» резерватында камералар орталылады. Ол тұтануды ертерек ескертуге мүмкіндік туғызады. Жалпы облыстағы орман өртін ерте анықтау жүйесін жетілдіру үшін 2,4 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, ғарыштық бақылау арқылы да алдын-аламыз деп отыр төтеншеліктер. Ол үшін «Қазақстан ғарыш сапарымен» мекемесімен келісімге де келіпті.
Қайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының орынбасары:
Өрт маусымы басталған кезден бастап «Ғарыш сапары» бізге қол үшын созады. Өрт болуы мүмкін аумақтарды біздің күштерге хабарлап отырады. Бұл қауіптің алдын-алудағы басты шаралардың бірі болмақ.
Биыл көктемнің ерте келетіні байқалуда. Қар қазірің өзінде азайды. Сондықтан, облыстағы орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары да ерте басталмақ. Шекаралас Ресей елінің күштерімен бірлескен жаттығу жұмыстары да жоспарланған.
Жанасыл Серікбол