Кеше ғана еліміз маңызды саяси науқанды атқарды. Барша ел тұрғындары Мәжіліс және әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарын таңдады. Бұл ел Президентінің жолдауында айтылған бастамалырдың бірі болатын.


Жаңа Қазақстанның негізі жаңа Мәжіліс. Президент өз жолдауында Парламенттің әлеуетін күшейту жоспарын жариялаған еді. Ол үшін алдымен депутаттар құрамын жасақтау қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, партиялық жүйені күшейіп, мажоритарлы жүйе енгізілді. Сондықтан, облыс жұртшылығы, барша ел тұрғындары өз таңдауларынан үлкен үміт күтеді. Халықты тыңдайтын, ел сенімін арқалаған жандардың Парламент төріне барарынан үмітті. Сондықтан, бұл сайлаудың маңыздығы да айрықша дейді тұрғындар.

Еркеғали Жанғазы, «Қағандық» ҚБ төрағасы:

Маңызлығы саяси тұрғыдан алғанда өте жоғары. Ары қарай біз сайлаған депутаттардың істеген жұмысыан байланысты. Бірақ, үміт бар.

Қадырбек Нысанбаев, Павлодар қаласының тұрғыны:

Сайлауға бардық, дауыс бердік. Осы жолы ұнағаны сайланып жатқан үміткерлердің фамилиялары нақты жазылған. Болашақта бұл 70 пайызға дейін, тіпті. 100 пайызға ұлғайса болар еді. Бұл -нағыз демократия болады деп ойлаймын.