«Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында «Ертіс аруы – 2023» байқауы өтті. Хас сұлулар байқауы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. 


Ертіс аруы – байқауы облыста алғаш рет 2022- жылы өткізілді. Биыл екінші рет аймақтың айтулы аруларының басын қосты. Жыр-дастандағы Гүлбаршын мен Естай әніндегі Қорланның ізбасарлары «Шаңырақ» оталығында өз мүмкіндіктерін сынауға жиналды.

Замира Солтанова, «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығының басшысы:

«Шаңырақ» орталығы халық шығармашылығы орталығы болғандықан, қатысушыларымыз әр ауқанның бетке ұстар қыздары келіп ,амыстарын қорғайтын болады. Бір айғу жық дайындық болды. Хареографиялық ойылымдар дегендей.

Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша өздерін көрсете білді. «Ертіс аруында» бақ сынауға келген сұлулардың бәрі сан қырлы. Білімді, ойлы, өнерлі.

Арулар байқауы қашан да бәсекеге толы. Өз аудандарынан озып, облысқа жеткен қыздардың бәрі де арнайы тәжді кию үшін келгендіктерін айтады.

Мадина Асылбекова, «Ертіс аруы-2023» байқауына қатысушы:

Мұндағы қыздардың барлығын өнерлі деп айта аламын. Мен өзіме сенімді болып келдім. Барлығына сәттілік тілнймін қыздардың.

Асмин Дүкенбай, «Ертіс аруы-2023» байқауына қатысушы:

Қазіргі кезде қыздармен туған әпке сияқты араласып жүрміз. Әр қыз тәжге лайық деп ойлаймын.

Мағжан Мүрсәлім, «Ертіс аруы-2023» байқауына қатысушы:

Дайындық керемет өтті. Керемет өтті бәрі.

Облыстық байқауға жиыны 35 ару қатысқан. Іріктеу кезеңнен сүрінбей өткен 18 -і финалда бақтарын сынады.

Жанасыл Серікбол