Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарын Нағымбек Нұрмағамбетов атындағы облыстық көркемсурет мұражайы наурыз мерекесіне арналған көрмеге шақырады. Онда облыстық суретшілер одағының жұмыстары ұсынылды.


Шұғылалы наурыз мейрамына арналған көрмеге қылқалам шеберлерінің 52 жұмысы қойылды. Туындылар қазақи нақыштағы ою-өрнегімен ерекшеленеді.

Гүлнар Әубәкірова, экспозициялық көрме бөлімінің маманы:

Жер жүзіндегі халықтардың бәрінде әр түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының ерекше мейрамдарының бірі бұл Наурыз. Наурыз мейрамына араналған көптеген тағамдарына, наурыз көже деген осындай көптеген тағамдары бар.

Бейнеленген суреттер сан қырлы. Негізінен басты идея - қазақтың құнды мұрасына бағытталған. Картиналарда ұлттық киім, әдеп-ғұрып, дәстүр мен ою-өрнектер салынған. Мұндай көрменің мақсаты - халық арасында наурыз мейрамын кеңінен дәріптеп, жергілікті суретшілердің шығармашылығын насихаттау. Көз тартар, қазақи нақыштағы суреттерден жинақталған көрме сәуір айында жұмысын тоқтатады.

Мөлдір Сағидолла, Артур Поляков