Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы. Павлодарда оқушылар арасында бес асық және асық атудан облыстық жарыс өтті.


Ұлттық ойын додасында 5-6, 7-8 сынып оқушылары өзара үздіктерді анықтады. Өңірдің қала-аймақтарынан барлығы 126 ұл-қыз тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Саят Қизат, бас төреші:

Өзіміздің өңірде 3-4 жыл ішінде асық ату мен бес асық қарқынды дамып келе жатыр. Оған куәлік...асығымыз алшысынан түссін деп тілектеспіз.

Ұлттық ойынды дәріптеп жүрген ұлтжанды спортшылармен бірге жаттықтырушылары да келген. Қайрат Байділдин 10 жыл бойы Баянауыл ауданында қазақтың төл ойынын насихаттап жүрген ұстаз. Бүгінгі бәсекеде тәрибеленушілеріне қолдау көрсетті. Ұлттық ойын жанашыры айтулы жарыста мықты спортшылардың бас қосқанын айтып, қатысушыларға жеңіс тіледі.

Қайрат Байділдин, жаттықтырушы (Баянауыл ауданы):

Аудан төңірегінде Тереңкөл...Қазақстан біріншіліктеріне қатысты.Ары қарай да жеңісті күндеріміз көп болсын...әр жеңістің нәтижесін көре берейік.

Даниял Мәжіт, қатысушы (Баянауыл ауданы):

Асық спорты маған қатт ыұнайды. Өйткені бұл мергендікке және адамның ойына әсер етеді. Мен бүгінгі жарыста ұтамын деп ойлаймын. Өйткені мен көп жарыстарға шығып, жеңіспен оралдым. Бүгінгі жарысқа сәттілік тілейтін жанымда достарым бар. Сондықтан мен ұтамын деген ойдамын.

Ал көрші залда қыздар қауымы бес асық ойынынан бақ сынасты. Өнерлі өрендер мықты дайындықпен келсе керек, ойында тек жеңіске жетуге дәмелі. Олардың бірі – Ертіс ауданынан келген Диана Ғабитжан. Спортшы өткен жылы да аталмыш додаға қатысқан. Алайда, асығы алшысынан түспей, жеңіс тұғыры бұйырмады. Биыл жеңімпаз атану үшін бар күшімді саламын, дейді қатысушы.

Диана Ғабитжан, қатысушы (Ертіс ауданы)

Асық менің хоббиім секілді...және ағам үйреткен. Мен өзіме қатты сенімдімін...аламыз деген үміттеміз.

5-6 сынып оқушылары арасында топ жарған қатысушылар сәуір айында Алматы қаласында өтетін республика жарысында бақ сынайды. Ал, үздік көрсеткішке ие болған 7-8 сынып оқушылары өзара Павлодарда ең мықты ойыншыны анықтайды.

Ақмаржан Қалымбек