«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір». Бүгінде бұл мақалдың маңызы тіптен артқан. Бұл түліктің өмірі көл-көсір екендігіне де көз жетті. Ақтоғайлық шопан Ербол Әлібеков бқны сөзбен ғана емес, іспен де дәледеп отыр.


Ақтоғайлық шаруа Ербол Әлібеков былтырдан бері өсімтал қойларды бағуды қолға алған. Қойдың бұл тұқымы Татарстанан жеткізіліпті. Шаруа қожалығы тек түліктің осы түрін өсіру бағытында жұмыс істеуде. Жалпы қой санын 3 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Ербол Әлібеков, шаруа қожалығының басшысы:

Бұл қойлардың екі жылда үш рет төлдеуге мүмкіндігі бар. Ол үшін әрине күйі жақсы, күтімі жоғары болуы керек. Әрқайсысы 5 қозыға дейін төлдей алады. Қожалық басшысы шаруасын тек өзінің жеке қаржысы арқылы алға жылжытып отыр.

Ербол Әлібеков, шаруа қожалығының басшысы:

Көктемгі төлдеу маусынында 200 ге дейін қой тууы тиіс. Еңбектің өнбегі болса, бұл қойдың етін нарыққа шығаратын уақытқа да көп қалған жоқ.

Жанасыл Серікбол