Қарты бар ел, қазыналы ел. Ертіс өңіріне еңбек етіп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан ақсақал Махмет Демесінов бүгін торқалы 90 жасқа толып отыр. Бірнеше лауазымды қызмет атқарып, ұстаз болды. Мерейтой иесін ардагерлер кеңесінің мүшелері, үзеңгілес әріптестері мен балалары құттықтап келді.

Махмет Демесінов 1933 жылы 27 наурыз күні Шарбақты ауданы, Ұзынтерек ауылында дүниеге келген. Ата анасынан ерте айырылған ол ағасының қолында тәрбие алып, 7 сынып бітіргеннен кейін Павлодар педагогикалық колледжінде білім алады. Оқу орынын аяқтаған соң ұстаз болып бірнеше ұрпақ тәрбиелеген өнегелі ақсақал. Сексеннің сеңгірінен асып, тоқсанды толтыруға аяқ басқан атамыздың өмірлік ұстанымы ісіне адал болып, жүректі таза ұстау.

Махмет Демесінов, мерейтой иесі:

Адам деген адам болып туылыу керек. Адам болып өмірден өту керек. Өмірдің мәні не дейді, біздің данамыздың данасы 13 ғасырда Ж.Баласағұн айтқан екен. Екі дүниеге үш нәрсе керек. Бүгінгі өмірге, келесі ақыретке игілікті іс, азиз мінез. Екінші ұят, үшінші әділ. Осы үш қаисет бойыма мен ұстанып отырмын. Сол бойымен. Өмірдің мәні не дейді. Өмірдің мәні жан тазалығы. Жан талағыны деген сөз не деген сөз? Имандылық деген сөз.

Көнекөз қарияға ардагерлер кеңесі, басқарма басшылары, облыс әкімдігі атынан құттықтау хаттары келді. Ақсақалдың иығына шапан жабылды. Ізгі ілтипат пен шынайы ықыласқа бұл күні Махмет атамыздың балалары да бөленді. 5 баланың әкесі ұлын ұяға, қызын құтты мекенге қондырып отырған салиқалы отбасы.

Алмагүл Нұрғазина, Махмет Демесіновтің қызы:

Не деп айтайын жастарға, әке шешелеріңізді сыйлаңыздар. Бұл қысқа өмірде әке шешеміз бізге алтын қазына деп ойлаймын. Сол кісілер бізге өнеге береді. Қалай балаларды тәрбиелеуге қалай немерелерді жақсы көру керек. соның бәрін сол кісіден қарап тәрбие алып отырмыз. Әкем шөбере көріп отыр. Мен ойлаймын. 100 ге келіп, неменесін көрсін.

Орта қызы Нұрсұлу Алматы қаласында тұрады. Қаржы саласында еңбек еткен майталман маман. Әкесіне ақжарма тілек білдірді.

Нұрсұлу Тойбаева, Махмет Демесіновтің қызы:

Папамыз бүгін 90 ға келдік. Үлкен бәрімізге мейрам. Әр семьяда осындай той болсын. Папамыз біздің сондай өте үлгілі әке. Бәрімізді өсірді. Үлкен білім берді. Әрбіреуімізде бала шаға, папам шөбере сүйді. Папамызды жақсы көреміз.

Адамның адамгершілігі жақсы ұстазынан дейді халық даналығы. Көп жылдар бойы тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен Махмет ақсақалды бұл күні шәкірттері де келіп, ақ жарма тілегін жаудырды.

Қаршыға Шаяхметов, Ақсу қаласының құрметті азаматы:

Мен 1962 жылы мынау Ақсу ауданы Жамбыл орта мектебінде 10 класста оқыдым. Сол кезде Махмет Демесінов ағатайымыз бізге тарих пәнінен сабақ берді. Бұл кісі бізге сабақ берген кезде тек қана кітапқа қарап емес, өзінің өмірлік жолынан алып көптеген тәрбиелік мәселелерді алға қойып.

Тоқсанды бағындырып отырған Махмет атамыз сергек. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүреді. Ақсақал парасатты өмірі өскелең ұрпаққа үлгі өнеге.

Әйгерім Тоқпанқызы