Павлодарлық каратэшілер Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысып, олжалы оралды. Күміспен күптеліп, қоланы қоржынға салды. Енді спортшылар алдағы сайыстарға қызу дайындықты бастады.

Кёкушинкай каратэ қазіргі уақытта қарқынды дамып, біздің облыста ғана емес, еліміз бойынша да осы спортпен айналысатындар саны артты. Бүгінде облыстық каратэ федерациясының шәкірттері республикалық, халықаралық дәрежедегі мәртебесі жарыстардан олда салып жүр. Солардың бірі Шымкент қаалсында өткен ел чемпионаты.

Ілияс Сайлау, облыстық карате-до кёкушинкай карате федерациясының басшысы:

Шымкенттегі сайыс наурыз айының он бірі, он екісі күндері өтті. Жалпы 11 облыстан 745 спортшы қатысып, өнерлерін көрсетті. Өкінішке орай, біздің команда алтын медальға қол жеткізе алмады. Күміс және қола медальмен жарысты қорытындыадық. Шәкірттер 2 күміс, 4 қола медальға иелік етті.

Біздің спортшылар ең биік тұғырдан көріне алмаса да, еліміздегі ең мықты татами шеберлерімен күш сынасты. Көренмендерге әсерлі сайыс өрнегін сыйлай білді. Жауынгерлік рухтың биік үлгісін көрсетті.

Саида Дүйсембенова, ҚР чемпионатының қола медаль иегері:

Мен Шымкентте өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында қатыстым. 12-13 жас аралығындағы жас өлшемі бойынша сайыстым. Жартылай финалға дейін жетіп, қарсыласыма жол бердім. Келесі жолы алтын медаль алу үшін бар күшегімді салып, шынығатын боламын. Маған сенім артқан, бапкеріме алғыс айтамын.

Алда Қазақстан Кубогы жолындағы дүбірлі бәсеке тұр. Оған еліміздің әр өңірінен 400-ге жуық спортқы қатысады. Федерация басшысының айтуынша, 16-сәуір күні Ақтоғай ауылында алғаш рет аудандық бәсеке өтеді.

Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова