Екібастұздық оқушылар шет мультфильмдерін қазақ тіліне аударып, дубляж жасамақ. Мемлекеттік тілде білім беретін медиа студиясы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған жобаға қатысып, грант жеңіп алды.
Балалардың бос уақытын қамтып, әрі оны тиімді өткізу үшін «Өзгеше бол» студиясы құрылды. Қосымша білім беру ұйымына 30 ға жуық бала барады. Орталықта олар шет ел мультфильмдерін қазақ тіліне аударып, дубляж жасайды. Әлеуметтік желіге құйылатын мультфильмдердің басым бөлігі шет тілінде. Мемлекеттік тілге аударылмаған туындылар өте көп дейді ұйымдастырушылар.
Еркін Құсан, үйірме жетекшісі:
Бұның бәрі қоғамдық даму және ақпараттық министрлігінің қолдауымен Тәуелсіздік ұрпақтары» атты мемлекеттік грант өткізілген болатын. Біз өзгеше бол қазақ тілді медиа өнім студиясын жобасын жазған болатынбыз. Сол жоба 3 млн теңге қаражат иелеіп, қазіргі таңда осындай кабинет жасақталып, бұндағы мақсатымыз балаларды мемлекеттік тілге үйрету және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Сонымен қоса шет елдің танымал мультфильмдерін қазақ тіліне аудару.
Қазір бірнеше шет елдің қысқа метражды фильмдерін аударуға авторлық құқық берілген. Болашақта басқа да өнімдерді аударып, дубляж жасап, ғаламторға құю жоспарда бар. Бұл үшін лицензия алу қажет. Студия заманауи құрал жабдықтармен жарақталған. Ұйымдастырушылар жарты жыл сайын отбасымен бірге көруге арналған блокбастер-мультфильмді дыбыстауды жоспарлап отыр.
Әйгерім Тоқпанқызы