Облыс орталығында «Талапты жас» жас мамандардың облыстық форумы өтті. Онда еңбекқор жас азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Тілші әңгімесінде.

Мемлекет басшысы өткелі тұрған 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. «Еңбек – елдің мерейі». Әр маман құрметке лайық. Әсіресе жастарға артылып отырған үміт зор. Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастумен өткен форумға өңіріміздің жас мамандары қатысты. Неігзіг мақсат, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, талантты әрі еңбекқор жастарды анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ жас мамандардың әртүрлі салалардағы жетістіктерін насихаттау болды.

Мейірбек Хамидолла құбыр шығаратын зауытта еңбек етеді. Тәжірбиелі маманның еңбегі өңірдің дамуына үлес қосып, кәсібилікті нығайтуға ықпал етеді.

Мейрбек Хамидолла, дайындамаларды үздіксіз құю машинасының операторы

2017 жылдан бастап үздіксіз дайындыларды құю бойынша жасаймын. Біздің құбырлап шетелге Қазақстанда пайдасын көп тигізеді. Осы форумға шақырғандарыңызға көп рақмет.

Ал Екібастұз қаласынан келген 26 жастағы Оразали Мейрамов жылу желілерінде оператор болып еңбек етеді. Желілерін тексеру, жабдықтарды жөндеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету – оның күнделікті ісі.

Оразали Мейрамов, Екібастұз жылу желілерінің операторы

Екібастұз жылу желіліренде жұмыс жасаймын. Мен техникалық колледжі тәмәмдап, мамандығым бойынша жұмыс жасаудамын. Өз мамандығым өзіме ұнайды. Әр мамандық қазіргі таңда тапшы. Әр маман иесі өзінің жұмысын жақсы жүйеде атқарып, жақсы нәтеже көрсету керек деп ойлаймын.

Фестиваль жастарға кәсіби шеберлікті жетілдіруге, еңбекке деген құрметті арттыруға және жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге серпін береді. Бүгін берілген марапаты – тек жеке жетістік емес, сонымен қатар еңбекке берілген бағасы, қоғамға қосқан үлестің айқын дәлелі.

Әйгерім Тоқпанқызы