Жаңа жыл қарсаңында өңірде тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл өңірдің үш қаласында және он аудан орталығында өтеді. Шараның мақсаты тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз ету.
27-28 желтоқсан күндері облыс орталығындағы «Жайлау» фермерлік нарығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сонымен қатар, 28 желтоқсан күні шаһардың бірнеше шағын ауданында сауда ұйымдастырылады. Достық, Усолка және Екінші Павлодар шағын аудандарының тұрғындары үшін арнайы нүктелер жұмыс істейді.
Ерғанат Әубәкір, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қайта өңдеу және кооперацияларды дамыту бөлімінің басшысы
27-28 желтоқсан күні Екібастұз қаласында Халық базарында өткізілетін болады. Жалпы өнім 350 тоннадан астам. Бұл облысымыздағы нарықтық бағалардан қарағанда 15-20 пайызға арзандау болып келеді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Барлық Павлодар облысының тұрғындарын ауылшаруашалық жәрмеңкесіне келуге және арзандатылған бағамен сауда жүргізуге шақырамыз.
Жәрмеңке сөрелерінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер ұсынылады. Барлық өнімдер қолжетімді бағамен сатылатын болады. 27 және 28 желтоқсан күндері «Жайлау» фермерлік нарығына қатынайтын трамвай тегін жеткізеді.
Сабина Жолдаспаева