Павлодар облысы әкімінің шыршасы биыл жасанды инттелект, роботтар форматында болды. Шыршаға келген балақайлар ерекше заманауи ертегі әлеміне енді. Шыршаға көпбалалы отбасылардан, ата ана қамқорлығынсыз қалған және жыл бойы сабақта жақсы нәтиже көрсеткен балалар қатысты. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
Мерекелік шара Павлодар облысы әкімінің қатысуымен театрландырылған көрініс форматында ұйымдастырылды. Биыл шырша ның басты кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар, роботтар және жергілікті өнерпаздар болды. Алдымен өңір басшысы балақайларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Облыс әкімі атынан балаларға ашық хат, кітап, ойыншық, тәттілер және 130 мың теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды.
Елнұр Нұрғалиұлы, Уәлиханов ауылы мектебінің оқушысы
Маған осы жаңажыл қатты ұнады. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. Алда келе жатқан жаңажылдарыңызбек құттықтаймын. Бүгін Гарри Потер болып киіндім. Мен осы киноны көргем, кітабын оқығам. Сондықтан осы костюмді таңдадым. Маған осы көңіл күй сыйлап жатыр. Сәттілікке толы болып өтсін.
Жаңажылдық шараның сценарийі бойынша шыршаның шамдары жағылды, түрлі өнер ұжымдарының әншілері мен бишілері ортаға шықты.
Жаңажылдық кешке өңіріміздің 100-ге жуық балақайы шақырту алды.
Жібек Айтмұхамбетова, Павлодар облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы
Бүгін «Ертіс» мейрамханасында Павлодар облысы әкімі атынан өңірден келген 100 балаға шырша ұйымдастырылып отыр. Жетім балалар, көпбалалы отбасы балалары қатысып отыр. Одан бөлек сайыстарға қатысқан балалар қатысып отыр.
Мерекелік шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәтті дастархан ұсынылады.
Самал Қалиқызы