Қол астындағы қызметкерге қамқорлық танытқан шенеунік жазаланды. Мәселен мемлекеттік қызметкерлердің әдебі жөніндегі отырыста қаралды.
Маусым айында Успен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 күнге қамаауға алынған. Ал, оның басшысы Әсел Байболова оны жұмыстан шығарудың орнына қатаң сөгіспен шектелген. Жанашыр басшының бұл әрекетін аудандық прокуратура мемлекеттік қызметкердің әдебіне сай емес қылық деп танып шағымданған.
Басшы бұл әрекетін қазіргі уақыттағы кадр тапшылығымен, басқармада жұмыс істейтін адамның аз болуы себепті жүктеменің мол екендігімен түсіндірді. Бас маманның өз ісінің маманы екендігін де тілге тиек етті. Алайда, әдеп кеңесінің мүшелері теріс қылығы бар қызметкер әркез мемлекет абыройына нұқсан келтіретіндігін дәлелді түрде алға тартты. Осылайша бас маманға жанашырлық танытқан басқарма басшысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту түріндегі жаза ұсынылды.
Сабина Жолдаспаева