Ертіс ауданы Қызылағаш ауылында заманауи мәдени-демалыс орталығы ашылды. Онда балаларға арналған үйірмелер де жұмысын бастады.
«Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Қызылағаш ауылының жаңа мәдени-демалыс орталығы салтанатты ашылды. Орталық құрылысы 2025 жылдың сәуірінде басталып, уақытылы аяқталды. Ғимаратты қалыпқа келтіруге 264 млн теңгеге жұмсалды. Тұрғындар алғысын білдірді.
Бақыт Исаханова, зейнеткер
Осы мәдениет үйі халыққа қызмет етсін. Ақжол тілейміз. Іс шаралар көп болсын. Ақ жол тілеймін.
Орталықта «Еркежан» би ұжымы, «Ақ жайна» вокалдық тобы, «Балбұлақ» домбыра тобы - балалар мен ересектерді біріктірген жаңа ұжымдар.
Ақмарал Оспанова, домбыра үйірмесінің жетекшісі
Қазағымыздың ұлттық қасиетті аспабының өте қуаныштымын. Білім алып, өнерімен сусындайды деп ойлаймын.
Орталық елдімекенде мәдениетті дамытуға, жастарды өнерге баулуға мүмкіндік береді.
Самал Қалиқызы